Тамыз айында «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай БҚО қоғамдық даму басқармасы және «Жайық Пресс» ЖШС ақпарат агенттігінің ұйымдастыруымен мобилографтар арасында байқау жариялаған болатын.

Оған жас ерекшелігіне, мамандығына қарамастан, БҚО аумағындағы кез келген кәсіби және әуесқой мобилограф өтініш жіберді.
Байқау төрт іріктеу кезеңінен тұрды. Бірнеше айға жалғасқан байқаудың бүгін қорытындысы жарияланды. Медиахолдинг директорының орынбасары Нұрлыбек Рахманов жүлдегерлерді құттықтап, марапаттарын табыстады.
- «Еңбек адамы» атауымен өткен мобилографтар байқауының мақсаты өңірдегі әр салада жұмыс істеп жүрген адамдардың жұмысын көрсету еді. Жоба сәтті аяқталды. Түрлі саланың мамандарын қамтыдық. Қатысушылар мен жетекші кураторларға алғысымызды білдіреміз, - деді директордың орынбасары.
Нәтижесінде ынталандыру сыйлығы 100 мың теңге Әдемі Қоңқақоваға табысталды.
Жүлделі үшінші орынды және 100 мың теңгені Марзия Зейін, ІІ орынды Роман Луг жеңіп алды. Оған 200 мың теңгенің сертификаты берілді.
Ал І орын жүлдесі мен 300 000 теңгелік сертификатқа Ерасыл Сабырғали ие болды.
zhaikpress.kz