16.10.2026, 15:45
Оқылды: 13

Оралда мұнай-газ машина жасау форумы өтті

«Атамекен» өнер ордасында Мұнай-газ машина жасау форумы және Операторлардың ашық есік күні өтті. Іс-шараны ҚР Энергетика министрлігі және облыс әкімдігінің қолдауымен Мұнай-газ машина жасауын дамыту халықаралық орталығы ұйымдастырды.

 WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.02.51 (2)

Форум қатысушылары алдымен 40-қа жуық отандық кәсіпорынның көрмесін аралап, мұнай-газ саласына арналған өнімдермен танысты.

WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.02.51Пленарлық отырыста Құрылтай депутаты Ерік Қожаниязов, Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров және облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз құттықтау сөз сөйледі.

WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.02.50 (3)

Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің құттықтауын жеткізіп, бұл форум Президент тапсырмасына сәйкес ірі операторлардың сұранысын отандық кәсіпорындардың өндірістік әлеуетімен ұштастырып, өзара тиімді келісімдерге қол жеткізетін іскерлік алаң екенін атап өтті.

- Біздің мақсатымыз – инвестиция көлемін арттыру ғана емес, оның өңір экономикасына беретін нақты қайтарымын қамтамасыз ету. Ірі жобалар жергілікті кәсіпорындардың дамуына, өндірістік қуаттардың артуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына қызмет етуі тиіс. Бұл – Президент жүктеген нақты міндеттер, – деді Нұрділдә Ораз.

WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.02.51 (1)

Форумда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілі Шафкат Құдабаев, «Теңізшевройл» ЖШС басшысы Уильям Лакоби, NCOC өкілі Жандос Оразалиев, KPO b.v. басшысы Марко Марсили, IMBC бас директоры Дастан Әбішев және KMG PetroChem басшысы Диаз Диянов баяндама жасады.

WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.02.50 (1)

Іс-шара аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, ірі операторлар мен отандық өндірушілер арасында жалпы құны 700 млн АҚШ долларына жуық келісімшарттарға қол қойылды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 240 млн долларға артық.

WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.02.50 (4) WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.02.50 (2)

800-ден астам қатысушы жиналған форумда өндірісті жергіліктендіру, сатып алу талаптары мен халықаралық стандарттар талқыланып, B2B кездесулер ұйымдастырылды.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.02.49 WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.02.50

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале