7.05.2024, 16:44
Оқылды: 43

Оралда Мұрат Аманшиевтің жеке шығармашылық концерті өтті

Оралда БҚО камералық оркестрінің солисі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мұрат Аманшиевтің жеке шығармашылық концерті өтті.

04a744fb-4932-42c1-9d40-fe924a65fc80

Ғарифолла Құрманғалиевтің «Сәлем» әнімен түрілген кеште халық әндері «Ақ Айша», «Ақ сұңкар», «Боз бала» әндері мен термелер айтылды.

Сазды кешті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Есендосов жүргізді.

Әнші Ақтөбе облысы Қобда ауылы Ақырап елді мекенінің тумасы. Бала кезінен өнерден алыс болмаған. Ол 4-сыныпта оқып жүріп музыкалық мектептің домбыра класына барады. Ал күйді алғашқы рет үйреткен ұстазы - Ілес Акишев. Өнерге талпыныс ерек болған кейіпкеріміз 7-сыныптан бастап Мұхит әндерін орындай бастаған. Алғашқы ұстазы – Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті Әубәкір Ғабдуллин.

камерный (1)

- 1992 жылы сол кездегі Дәулеткерей атындағы өнер институтына халық аспаптары факультетіне оқуға түстім. Оқуды аяқтаған соң аталмыш институтта ұстаз болып еңбек жолымды бастадым. Ал 2002 жылдан бастап Құрманғазы атындағы саз колледжінде студенттерге сабақ беріп келемін. Кез келген өнер саласында қызмет етіп келе жатқан адамның кеш өткізсем деген ойы болады. Сол күннің бүгін сәті түсіп тұр. Кеште дәстүрлі ән, халық әндері, әке мен ана туралы, шетелдік әндер орындалды, - дейді кеш иесі.

камерный (9)

Сахнадан әншінің өмірдегі және өнердегі досы Сенбек Жанайдаров да табылды.

Мұрат Еркінбайұлы қос ұлымен «Ерке сылқым» күйін орындап, көрерменннің көңілін бір серпілтті.

Облыстық камералық оркестрдің сүйемелдеуімен Б. Тәжібаевтың   «Ақ бұлақ», Н. Тілендиевтің «Сарыжайлау» әні, А.Зацепиннің «Тыңда», Андреа Бочеллидің орындауындағы «Besame Mucho» мен «Quizas Quizas Quizas» әндері шырқалды.

Кеште халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жаңылсын Хасанова да ән айтып, халықтың ықыласына бөленді.

камерный (8)

Әнші кешті Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әнімен тәмамдады.

Концерттен соң облыстық камералық оркестрдің директоры Салтанат Абулғазиева әншіні құттықтап, ұжым атынан лебізін арнады.  Өнер иесіне БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтің алғысхатын табыс етті.

камерный (6)

zhaikpress.kz

камерный (2) камерный (5) камерный (7) камерный (10)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале