6.09.2024, 18:40
Оқылды: 172

Оралда өнегелі отбасылармен кездесу өтті

БҚО-да Отбасы күніне орай «Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі» атты өнегелі отбасылармен кездесу өтті. Бұл туралы БҚО ҚДБ хабарлады.

IMG-20240906-WA0216

Оған облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева қатысып, қатысушыларды облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың атынан айтулы мерекемен құттықтады.

IMG-20240906-WA0210

– Бұл мерекенің елімізде, әлемде өзінің халықаралық статусы бар. Бұл мерекені елімізде атап өтудің өзіндік ерекшеліктері де бар екенін білеміз. Отан – отбасынан басталады. Мемлекеттің дамуында, қоғамның қалыптасуында ұрпақ тәрбиесінің маңызы зор. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 13 586 көпбалалы ана болса, оның 6 558-і «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» иегерлері. Өңірімізде отбасы құндылықтарын арттыру мақсатында бес «Отбасы орталығы» ашылып жұмыс жасауда, - деді Гүлжанар Болатқызы.

IMG-20240906-WA0215

Одан әрі шараға қатысушылар еліміздегі отбасы институтының қалыптасуы, ұрпақ тәрбиесінің қоғамдағы рөлі, отбасы құндылықтары мен тәлім-тәрбие жайында пікір алмасты.

IMG-20240906-WA0206

Жиын соңында жарасымды жанұяның негізін қалыптастырудағы орасан зор еңбегі үшін Бөрлі, Тасқала, Қаратөбе, Сырым аудандары мен Орал қаласынан қатысқан мерейлі отбасылар облыс әкімінің алғысхатымен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

IMG-20240906-WA0232

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале