12.04.2018, 11:34
Оқылды: 66

Оралда өрт салдарынан екі үйден 90 адам шығарылды

kezdesu-foto-kievphotosite.com-saytynanКеше 11 сағат 16 минутта облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің орталық пунктіне Орал қаласы Тайманов көшесі 221 мекенжайында 9 қабатты жатақхананың түтіндей бастағаны туралы хабарлама түсті.

Өрт сөндірушілер келіп жеткенде тоғыз қабатты жатақхананың лифт шахтасында 3 шаршы метр аумағында қоқыс жанып жатқаны анықталды.

Қатты түтін салдарынан 70 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның ішінде екі бала болған.

Сондай-ақ 12 сәуір, 05 сағат 08 минутта 6-шағынаудандағы 5-үйдің  №3 подъездің жертөлесінде  құрылыс материалдарының жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Барлығы 20 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның ішінде 8 бала болған.

Өрт 05.58 минутта толықтай сөндірілді.

БҚО ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале