Осы орайда БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері көпбейінді қалалық аурухананың перзентханасына барып, жарық дүниеге сəби əкелген аналарды құттықтап, оларға арнап домбырамен əуелетіп қазақ əндерін орындады. БҚО əкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов мереке маңызын түсіндіріп, киелі өнер ұрпаққа мирас болып қалатынын тілге тиек етті. Перзентханаға келген ассамблеялық топ аналарға домбыра табыстады.
Нұртай Текебаев
Суретке және видеоға түсірген Динара Киндербаева
zhaikpress.kz