14.05.2026, 11:15
Оқылды: 13

Оралда полиция қызметкері қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

Әлеуметтік желілерде Абай аудандық полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Male hands in handcuffs black background. a handcuffed prisoner in a prison or courtroom.

Сурет: istockphoto.com

Алдын ала ақпарат бойынша, полиция қызметкері көршілердің шуға қатысты шағымынан кейін пәтерге барған. Кейін сол жерде жәбірленушіге қатысты заңсыз әрекет жасалды деген ақпарат тараған.

Қала прокуратурасының баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, жұмыстан босатылған.

Полиция департаменті мұндай заң бұзушылықтарға мүлде төзім болмайтынын мәлімдеп, қызметкерлердің тәртіп пен заң талаптарын қатаң сақтауы міндет екенін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале