БҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен Полиция департаменті және ҚР Ұлттық ұланының БҚО бойынша 5517 әскери бөлімінің бірлесіп, Орал қаласының аумағында тактикалық оқу-жаттығу өткізіп жатыр. бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: БҚО полиция департаментінен
Құрметті Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Бұл - оқу іс-шарасы.
БҚО поилция департаменті, тұрғындардан сабырлық сақтауды, құқық қорғау органдарының заңды талаптарына кедергі келтірмеуді және бағынуды сұрайды.
Полиция департаменті ҚР ӘҚБтК-нің 443-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін еске салады.
Сонымен қатар, жалған хабарламалар таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Департамент жалған хабарламалар мен ақпараттарды таратпауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраййды.