5.02.2025, 14:45
Оқылды: 168

Оралда полицияға есірткі жарнамаларын анықтауға көмектескен тұрғынға алғыс хат табысталды

Орал қаласының тұрғыны Роза Ихсанова есірткі қылмысына қарсы күресте белсенді көмек көрсетуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

bd7bac43-a104-48a5-8fe9-724eabe733ad

Сурет: Polisia.kz 

65 жастағы оралдық Роза Мұхамбетиярқызы қаладағы есірткі жарнамаларын анықтауға полицияға белсенді түрде көмек көрсетуде. Күн сайын ол полицейлерге қала аумағында есірткімен байланысты күдікті жарнамалар мен хабарландырулар туралы шамамен 10 ақпарат жолдайды. Оның азаматтық белсенділігі мен жанашырлығы есірткі тарату көздерін жылдам анықтап, қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді. Осы еңбегі үшін Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының атынан алғыс хат табысталды. ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Сугуров Марат Роза Мұхамбетиярқызының қаланы қауіпсіз ету жолындағы үлесін жоғары бағалап, “Мұндай белсенді азаматтық ұстаным мен полициямен ынтымақтастық есірткі қылмысына қарсы күресте өте маңызды”, — деп атап өтті. Роза Ихсанова есірткі жарнамалары туралы хабарлау жұмыстарын жалғастырып, қаланың таза және қауіпсіз болуына өз үлесін қосуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале