24.10.2024, 11:00
Оқылды: 106

Оралда «Qazaqsha Quiz» облыстық зияткерлік сайысының финалы өтті  

Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының қолдауымен өңір бойынша мәдениет, білім, спорт саласы, мемлекеттік қызметкерлері арасында «Qazaqsha Quiz» зияткерлік сайысының финалы өтті.

8cc0daaa-f77e-4765-b84e-a511b33ee86e

Бұл сайыстың негізгі мақсаты — мемлекеттік тілді насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тіл мәдениетін көтеру. Финалдық бәсекеге осыған дейін іріктеу кезеңдерінен жеңіске жеткен алты үздік команда қатысты:

  • Жаңақала ауданының «Замандас» командасы
  • Ақжайық ауданының «Ақжайық өрендері» командасы
  • М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Maхамбет jastary» командасы
  • Орал қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдерінен құралған «Ақ тау» командасы
  • Қадыр Мырзалиев атындағы мәдениет және өнер орталығының «Қадырсарай» командасы
  • Халық шығармашылық орталығының «Найзағай» командасы

fe0b9c86-d959-4491-94d9-5313fb805e4a

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды, қатысушылардың логикалық ойлау қабілеті мен тілдік білімдерін сынайтын бөлімдерден құралды. Әр кезең қатысушылардың білімін тереңдетіп, ұжымдық жұмысты нығайтуға бағытталған.

Нәтижесінде «Maхaмбeт jastary» командасы жоғары ұпай жинап, жеңімпаз атанды.

edba7eea-0b69-4bbe-b3e7-4e099f2203c6

Олар өздерінің терең білім-бірліктерімен ерекшеленіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Қалған командалар алғысхаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жарыстың әрбір кезеңінде ерекше көзге түскен ойыншылар жеке марапатталды.

e2fbc339-d40b-45d2-903c-ed63106b187d

Бұл сайыс қатысушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың рухани және патриоттық құндылығын нығайтуға да үлкен үлес қосты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале