19.05.2021, 16:35
Оқылды: 26

Оралда республикалық олимпиада жүлдегерлері марапатталды

19 мамыр күні ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегерлерімен онлайн түрде кездесіп, білім додасының жеңімпаз-жүлдегерлеріне ізгі лебізін арнады. Сондай-ақ бір уақытта барлық өңірде олимпиада жүлдегерлері марапатталып, жетекшілері де құрметтелді. Орал қаласы бойынша олимпиада жүлдегері атанған дарынды оқушылар мен ұстаздарды қала әкімі Абат Шыныбеков құттықтады.

 б5

Пандемияға байланысты биыл республикалық олимпиада «Ustudy» орталықтарының негізінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда өтті.

б4

Білім бәйгесіне еліміздің барлық өңірлерінен 1557 оқушы қатысқан болатын. Олардың ішінде Батыс Қазақстан облысынан 71 оқушы бақ сынады. Олимпиада нәтижесінде батысқазақстандық бес оқушы алтын медальға ие болса, сегіз оқушы күміс медаль, 16 қатысушы қола медаль алды.

б3

Жеңімпаз-жүлдегерлердің 11-і – Орал қаласы мектептерінен. Олар – №35, 38, 28, 44 лицей-гимназиялары мен №32, 36, 33 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары.

Марапаттау рәсімінде қала басшысы Абат Шыныбеков шәкірттерді жетістіктерімен құттықтап, оқытудың қандай кезеңінде болмасын білім сапасын жоғалтпау үшін тер төгіп жүрген мұғалімдердің еңбегін ерекше атап өтті.

б2

Қала әкімі Абат Абайұлы мен қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Мүтиғоллақызы үздік нәтиже көрсеткен 2020-2021 оқу жылындағы республикалық олимпиаданың жүлдегерлеріне дипломдар мен медальдарды және естелік сыйлықтарды табыстады.

Бұдан бөлек дарынды, талантты шәкірт тәрбиелеуде шығармашылық қабілет танытып, асыл еңбегін аямаған ұстаздарға сый-сыяпат ұсынылды.

Жиын барысында Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейдің оқушысы, олимпиаданың І орын иегері Альбина Жұмағазиева мен №33 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы, олимпиаданың ІІ орын иегері Зарина Бозова білім бәйгесі туралы айтып, дарынды шәкірттер атынан жеңіске жету жолында көмек-қолдау көрсеткен ұстаздарға алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ білімді шәкірттерді тәрбиелеген ұстаздар атынан №35 мектеп-лицейдің мұғалімі Татьяна Никифорова мен Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі Ләззат Құсайынова сөз алды.

б1

Айта кетейік, олимпиаданың республикалық кезеңінде үздік білім көрсетіп, оқушылары жүлделі орындарға ие болған өңірдегі алты мектеп (Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-лицей-интернаты, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты, Орал қаласы Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-лицейі, Орал қаласы №35 мектеп-лицейі Орал қаласы №28 мектеп-лицейі) республика бойынша «100 үздік мектеп» қатарына енді.

Жалпы қорытынды есеп бойынша Батыс Қазақстан облысы командалық есепте ІІІ орын иеленді.

 

Орал қалалық білім беру бөлімінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале