Кеше сағат түнгі 01:11-де Орал қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне белгісіз біреулердің қаладағы кәсіпорындардың бірінің ғимаратына еніп, темір сейфті көтеріп алып кеткені жөнінде қоңырау түскен.
Олар 59 жастағы күзетшіге күш қолданып, ішінде 30 мың теңге болған сейфті алып кеткен.
Одан әрі қылмысқа барғандар кәсіпорын ғимаратының ауласында тұрған «Largus» маркілі автокөлігіне отырып оқиға орнынан бой тасалаған.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, автокөлік және сейф қаладағы көшелердің бірінен табылған. Алайда күдіктілер сейфті ашып, ақшаны алып үлгерген.
Аталған қылмысты ашуға БҚО ПД және Орал қ. ПБ барлық қызметкері жұмылдырылған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында оқиғаның ізі суымай тұрып, БҚО ПД және Орал қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері аталған қылмысқа қатысты күдікті бес тұлғаны қолға түсірген.
Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігіне (тонау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
zhaikpress.kz