5.07.2024, 16:30
Оқылды: 198

Оралда сейф ұрлаған жас жігіт ұсталды

Маусымның 28-інен 29-на қараған түні Орал қаласындағы кеңселердің біріне белгісіз біреу кіріп, ол жерден темір сейфті көтеріп алып кеткен. Сейф ішінде бір миллионға жуық қаражат болған, деп мәлімдеді БҚО ПД-ның баспасөз қызметі.

285A0D8C-320D-4E31-9FEA-7C861ED073B6

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 26 жасар қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұрланған сейф тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, облыстың жедел уәкілдері жыл басынан бері бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша қылмыстарды ашуда жақсы нәтиже көрсетіп жүр.  Алты айдың ішінде осындай 491 қылмыс тіркелсе, оның ашылуы 79,3%-ды құрап отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале