8.12.2020, 10:46
Оқылды: 105

Оралда шаңғы маусымы ашылды

Сенбі  күні  қалалық мәдениет және демалыс саябағында Шаған өзенінің оң жағалауында шаңғы маусымының ашылу шарасы өтті.

 шаңғы 1

Аталмыш шара қысқы спорт түрлері жанкүйерлерінің, шаңғышылар мен бос уақытын таза ауада өткізуді қалайтындардың басын қосты. Маусымашарға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров, Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, қалалық спорт мектептері мен спорт ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

шаңғы 2

Шаңғышылар сайысында алғашқы болып мәреге жеткен сегіз қатысушыға облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының атынан естелік сыйлықтар табыс етілді. Мәре сызығын кескендердің ең жасы шаңғыдан республикалық жарыстардың қатысушысы Ярослав Келазев11-де болса, жасы үлкен шаңғышы Геннадий Филипов 64-те. Ал мәреге алғаш болып  Нұрсұлтан Жүсіпов жетті.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале