1.06.2018, 16:30
Оқылды: 76

Оралда шахтаға құлаған 5 жасар бала мен оны құтқармақ болған ер адам қаза болды

Кеше сағат 14.38-де Деркөл ауылы «Садовод» бақша серіктестігінде орналасқан канализация шахтасына бала құлағаны туралы қоңырау түсті, - деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

 Оқиға орнына БҚО ТЖД-нің Жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушыдан және 1 бірлік техникадан тұратын жедел тобы жетті.

Мамандардың айтуынша, бақшада орналасқан септикке 5 жасар бала құлап кеткен. Баланы сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам шығарып алмақ болған. Өкінішке орай, екеуі де шахтадан шыға алмаған.

Құтқарушы мамандар алдымен ер азаматтың, кейін баланың денесін шығарды.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале