Оралда шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушісі полицейлерден жасырынуға тырысып, соңында рөлді басқара алмай, аударылып қалған. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: видеодан скрин
Ер адамның мас күйде болғаны анықталды.
Армения нөмірімен тіркелген BMW маркалы автокөлігінің жүргізушісі Шаған-Набережная көшесінле полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбай Саратов тас жолына шығып, жасырынбақ болған.
Нәтижесінде рөлге ие бола алмай көлік аударылған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, көлікті жүргізген кезде жүргізуші орташа ауырлықтағы масаң күйінде болған. Көлік айып тұрағына қойылып, жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша хаттама толтырылған.
zhaikpress.kz