26.05.2022, 17:15
Оқылды: 97

Оралда студентті зорлағандар сотталды

Оралда студент қызды зорлаған такси жүргізушісі мен оның досы бас бостандығынан айырылды. Олар қызды тұншықтырып, қорқытқан, - деп хабарлайды mgorod.kz.

01

Былтыр тамызда полицияға 26 жастағы қыз хабарласып, зорланғаны туралы арыз жазған. Полицейлер такси жүргізушісі мен оның досын қамауға алды. Кейін студент болған оқиғаның мән-жайын айтып берген.

Ол inDriver қосымшасы арқылы такси шақырған, бірақ жүргізуші жолаушымен бірге келген. Кейін қызды ешкім жоқ жерге апарып, кезек-кезек тиіскен.

26 мамырда Орал қалалық соты үкім шығарды. Нәтижесінде, сотталушылардың кінәсі дәлелденген.

"Қылмыстық баптың санкциясы бойынша 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Айыптау актісінде жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жай анықталмады. Заң бойынша бірнеше адам алдын ала сөз байласып жасаған зорлық дерегі үшін жаза 8 жылдан аспауы тиіс. Сот әрқайсысына 8 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру түріндегі барынша қатаң жаза тағайындады, - деді Орал қалалық сотының баспасөз қызметі өкілі.

Кінәлілер жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале