26.01.2026, 11:00
Оқылды: 37

Оралда судьялардың кеңейтілген отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық сотында облыс соттарының 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған судьялардың кеңейтілген отырысы өтті, - деп жазады БҚО соттары ресми парақшасы. 

5456316828276690388

Кеңес жұмысына апелляциялық сот алқаларының төрағалары мен облыстық соттың судьялары, ҚР Сот әкімшілігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.
Кеңейтілген отырысты аша отырып, Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Азат Ізбасаров облыс соттарының 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметіне баға берді. Ол қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді сапалы әрі уақтылы қарау, іс жүргізу мерзімдерін сақтау, сондай-ақ азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сот алқаларының төрағалары өз баяндамаларында облыс соттарының өткен жылғы жұмыс нәтижелерін егжей-тегжейлі баяндап, анықталған кемшіліктер мен оларды жою жолдарын атап өтті.

5456316828276690394

Жыл қорытындысын шығара отырып, облыстық сот төрағасы А. Ізбасаров соттардың алдына сот төрелігін жүзеге асыру сапасын одан әрі арттыру, бірыңғай сот тәжірибесін қамтамасыз ету, істерді қарау барысында әуре-сарсаңға салуға жол бермеу, сондай-ақ судьялық әдеп нормаларын қатаң сақтау бойынша бірқатар басым міндеттер қойды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале