7.06.2024, 16:00
Оқылды: 40

Оралда судьяның ұлы әкесінің қызмет бабында қайтыс болғанын дәлелдеп, мемлекеттен 48 млн теңге өндіріп алды

Оралда судьяның ұлы әкесінің қызмет бабында қайтыс болғанын дәлелдеп, мемлекеттен 48 млн теңге өндіріп алды. Бұл туралы Qazaqstan.tv жазды.

Ақша JP

Бір жыл бұрын судья Нұрлан Ғұбашев жұмыс орнында қайтыс болды. Алайда тергеу комиссиясы оқиғаның қызметке қатысы жоқ деген қорытынды шығарды.

Судьяның ұлы мұнымен келіспей, сотқа шағымданды.

Сотта 55 жастағы ер адамның жұмыс барысында жүрегі ауырып құлағаны әрі сол кезде оның жүктемесі өте көп болғаны анықталады.

Сот әкімшілігі департаментінен 48 млн теңге өндіріп алынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале