5.11.2024, 19:00
Оқылды: 29

Оралда сұйытылған мұнай-газ мәселесі басты назарда

Облыс үшін 4 тоқсанға сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарында 11 566 тонна қарастырылған (оның ішінде: қазан-3510 тонна, қараша-4030 тонна, желтоқсан-4026 тонна), деп хабарлайды БҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының баспасөз қызметі.

Hand in protective glove holding the nozzle at fuel pump, refueling LPG (liquefied petroleum gas) at a gas stationСурет: iStock 

4 қарашадағы жағдай бойынша негізгі жеткізу жоспары негізінде 2024 жылғы қараша айына «Жайықмұнай» ЖШС жөнелтілімі 670 тоннаны немесе 17% құрады.
Облыс субъектілері үшін тәуліктік жөнелту орташа есеппен 180-200 тоннаны құрайды.
Қазіргі уақытта өңірде сұйытылған мұнай газының қалдығы 250 тоннаны құрайды.
Ағымдағы жағдай бойынша, іске асыру шектеусіз жүзеге асырылуда (қалдықтардың азаюына қарай АГҚС-қа көлемдер түскен сәтке дейін уақытша шектеулер енгізіледі).
Сонымен қатар, ауа-райының нашарлауына байланысты облыс аудандарына сұйытылған мұнай газының көлемін жеткізуде қиындықтар болып жатыр.

Сұйытылған мұнай газының АГҚС құны 70-75 теңге/литрді құрайды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале