«Атамекен» өнер ордасында «БОГУС» көркемөнер салонының «Art БОГУС» атты суретшілер көрмесі өтті.
1999 жылы Оралда ашылған көркемсурет салонының құрылғанына биыл 25 жыл толды.
Кеш барысында салон суретшілерінің туындылары көрермен назарына ұсынылды.
Өнер ордасының директоры Бауыржан Халиолла шаһар мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген суретшілерге алғысын білдірді.
«БОГУС» көркемөнер салонының директоры Алексей Потапов пен суретшілерге алғысхат табыс етті.
Қылқалам шеберлерінің көрмесін ақпанның 26-на дейін тамашалауға болады.
Айна Имашева,
Фотоға түсірген: Мәди Салық
zhaikpress.kz