Орал қаласы әкімдігі баспасөз қызметі хабарлауынша, биыл қалада 12 жерде мұз айдыны құйылған.
Сурет: сайт архивінен
Тоғыз мұз айдынында қала тұрғындары толығымен тегін сырғанақ тебе алады. Қалған үшеуінде кіру ақылы түрде. Олар «Жастар» стадионында, Деркөл кентінің «Орал» спорт клубының ауласы (Даля 7/3) және Тұңғыш Президент алаңындағы мұз айдындары.
Тегін мұз айдындары бойынша мекенжайлар:
1. Назарбаев даңғылы, 203;
2. Строитель шағын ауданы, 29;
3. Ларин көшесі, 10;
4. Құрманғазы көшесі, 150;
5. 5-шағын аудан, 4, 7 үйлердің ауласы;
6. Зачаган кенті, Балауса шағын ауданындағы Қалменов және Жұмыр қылыш көшелерінің қиылысы;
7. Матросов көшесі, 52, 54 үйлердің ауласы;
8. Құс фабрикасы ауданы, Көктөбе көшесі, 39;
9. Қонаев шағын ауданы, 66.