Бүгін 15.04 шамасында Орал қаласындағы Құрманғалиев және Көкшетау көшелерінің қиылысында жол апаты болды.
1971 жылғы жүргізуші тізгіндеген «ВАЗ 2114» автокөлігі мотоциклге соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклдың 1987 жылғы жүргізушісі және 1992 жылғы жолаушысы көз жұмған.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатына қатысты ақпарат қосымша хабарланады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4-інші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
zhaikpress.kz