Бүгін Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында танымал балетмейстер, атақты хореограф-ұстаз Талғат Ғатауов атындағы өнер мектебі ашылды.
Карантин талаптарына сай өткен іс-шарада облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов, Ақтөбе қаласындағы «Әлия Гүлі» ансамблінің жетекшісі Шолпан Айнабекова салтанатқа жиналған қауымды аталған өнер мектебінің ашылуымен құттықтап, сөз сөйледі.
Өнер мектебінің ашылу салтанатында Қырғызстанда өткен халықаралық «Жеті өгіз жұлдыздары» конкурсының Гран При жүлдесіне ие болған Талғат Ғатауовтың «Ұшқыр махаббат» қойылымын Сұлтан Даутов, Камила Халелова сынды бишілер мәнеріне келтіре орындады.
Сондай-ақ «Салтанат» би ансамблінің орындауында қазақтың «Сый тарту» биі көрерменнің назарына ұсынылды.
Салтанатты іс-шара барысында Талғат Ғатауов атындағы өнер мектебінің тұсаукесер рәсімі өтіп, лентасы қиылды. Тұсаукесер рәсімі жасалған соң шараға қатысушылар өнер мектебінің бөлмесін тамашалады. Осы жерде хореограф-ұстаз Талғат Ғазизұлы сөз сөйлеп, осынау игілікті істің жүзеге асуына дәнекер болған облыстық мәдениет басқармасының әкімшілігіне алғысын жеткізді.
Мұғалім Өтей,
zhaikpress.kz
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.