27.08.2020, 21:15
Оқылды: 117

Оралда тамыз кеңесі жаңаша форматта өтті

Бүгін Орал қаласының білім беру ұйымы AQJAIYQ телеарнасымен бірігіп, «Білім сапасы мен негізгі құндылықтар: жаңа идеялар және тәжірибелер» тақырыбында дәстүрлі тамыз кеңесін жаңаша форматта тікелей эфирде  өткізді. Кеңес жұмысын Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы А.Темірханова жүргізді.

IMG-20200827-WA0054

Отырыс қонақтары арасында қала әкімі А.Шыныбеков, облыстық білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева, НЗМ директоры А.Айтпукешев, "Өрлеу" БАҰО БҚО филиалы ПКБАжҚДИ директорының орынбасары Е.Сафуллин болды.

IMG-20200827-WA0053

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков Үкіметтің білім саласына ерекше назар салып отырғанын, жыл сайын оқушылардың білім мен тәрбие алуына жағдай туғызу мақсатында қалалық білім саласында біркелкі жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Биылғы жылы қаламызда жаңадан мектептер бой көтеріп, оқу жылы қарсаңында салтанатты түрде ашылатынын атап өтті.

Көтерілген мәселелерді талқылауда www.academia білім беретін онлайн-платформасының басшысы Нартай Әшім қашықтықтан оқыту бойынша білім саласында болып жатқан өзгерістер туралы телекөпір арқылы баяндап, байланысқа шығып бөлісті. Қатысушы қонақтар көрермен қауымды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім беру ісінде  қажымас қайрат, шығармашылық табыстар тілеп, құттықтады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале