15.12.2022, 12:00
Оқылды: 86

Оралда «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты дөңгелек үстел өтуде

Дәл қазір «Атамекен» өнер ордасында облыс әкімдігінің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің, заңгерлердің, жастардың қатысуымен Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты дөңгелек үстел өтуде.

IMG-20221215-WA0019

Дөңгелек үстел жиынын БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ашты.

«Баршаңызды азаттығымыздың асқар шыңы, ұлттық мерекеміз Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Өздеріңізге белгілі, бұл күн бір жағынан азалы, бір жағынан қуанышты күн. Қазақтың ұлт-азаттық көтерілісінің биік шыңы осы Тәуелсіздік алған күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік күніне былай деп баға берді: «1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Ал 16 желтоқсан тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек» деген болатын.

IMG-20221215-WA0020

1986 жылы Желтоқсан оқиғасында өрімдей қазақтың қыз-жігіттері ұлт намысы үшін алаңға шықты. Сол күннен тура 5 жыл өткенде Тәуелсіздігіміздің жариялануының мәнісі зор. Бұл орайда азаттықтың алғашқы қарлығаштары Желтоқсан қаһармандары азаматтық ерлігін жоспарлы түрде насихаттап отыр. Өткен жылы біз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өттік. Осы жылдар ішінде ел есінде қалатын үлкен істер атқарылды. Тәуелсіздік тарихындағы жетістіктердің барлығы әрбір қазақстандықтың, адал еңбектің, батыл қадамдардың нәтижесі» - деді өз сөзінде Бақытжан Хаберұлы.

IMG-20221215-WA0018

Жиында ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері Желтоқсандағы болған оқиғалар туралы баяндап, Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер мен атқарылған ізгі істер жөнінде сөз қозғайтын болады.

Гүлмира Сәрсенғали,

Суреттерді түсірген: Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале