22.10.2024, 9:30
Оқылды: 89

Оралда театр әртістері марапатталды

«АМАНАТ» партиясы ғимаратында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Қамбетов Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының бірқатар әртісімен дидарласып, құттықтау рәсімін өткізді.

WhatsApp Image 2024-10-16 at 11.40.38 (1)

Биылғы 27-30 қыркүйек күндері Ақтау қаласында «Әбіш әлемі» атты ІІІ халықаралық театрлар фестивалі өткен болатын. Онда аталмыш театр метафизика жанры бойынша Мұхтар Әуезовтың «Қаралы сұлу» пьесасын ұсынып, жоғары деңгейде сахналаған. Бұл қойылымда Қаракөз есімді кейіпкердің рөлін сомдаған ҚР Мәдениет саласының үздігі Хорлан Шамелова «Үздік әйел адам бейнесі» аталымы, театр әртісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі  Нұржігіт Сейтмаханбетов пен бас режиссер Алмат Шариповқа Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған «Ұлы даланың заңғар тұлғасы» төсбелгісі берілді.

WhatsApp Image 2024-10-16 at 11.40.38

Өнерпаздарды жетістіктерімен құттықтаған Медхат Мұсаұлы марапаттарды салтанатты түрде иелеріне табыстап, бұдан бөлек облыстық театрдың әртістері – «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Ақмарал Амандықованы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Жұлдыз Мамедованы, Жамбыл Заев пен Жылқыбай Жұбатовты «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облысы филиалының төрайымы Ш. Чуакованың алғысхатымен марапаттады.

Арда Ахметжан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале