7.09.2022, 15:15
Оқылды: 202

Оралда театрлар фестивалі қалай өтеді?

Біз осыған дейін Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында 23-25 қыркүйек күндері Хадиша Бөкееваның туғанына 105 жыл толуына, театрдың 30 жылдығына орай І республикалық моноспектакльдер фестивалі өтетінін хабарлаған болатынбыз. Енді назарларыңызға фестивальдің бағдарламасын ұсынамыз.

театрn

23 қыркүйек

Фестивальдің ашылуы: 10.00 -10.30.

Баспасөз мәслихаты: 10.30 -11.00 де өтеді.

Фестиваль шымылдығын сағат 11.00 де Шымкент қаласының Ж.Шанин атындағы қалалық академиялық қазақ драма театры Ж.Ануйдың «Медея» трагедиясымен ашады.  Режиссері - Қуандық Қасымов.

Қойылымды 11.40 пен 12.10  аралығында талқылайды.

Түстен кейін 14.00 де Алматыдан келген М.Әуезов атындағы атындағы Қазақ ұлттық драма театры Қ.Бегмановтың «Менің Мұстафам» драма-диалогын сахналайды. Режиссері - Әубәкір Рахимов.

Қойылымды 15.05 мен 15.35  аралығында талқылайды.

17.00 де Атырау қаласының Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры Д.Исабековтың  «Актриса» драмасын ұсынады. Режиссері – Гүлназ Қамысбаева.

Қойылым 17.50 мен 18.25  аралығында талқыланады.

24 қыркүйек

Фестивальдің екінші күні сағат 11.00 де сахнаға алғаш болып Қарағандыдан келген С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры шығады. Көрермен О.Бөкейдің «Қауіпті будан» монодрамасын тамашалай алады. Ал спектакльді сахналаған Айдын Салбанов.

Қойылым 11.50 мен 12.20 аралығында талқыланады.

Түскі үзілістен соң Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан облыстық драма театры А.Рақыштың  «Тегімді менің сұрама...» монодрамасын ұсынады. Режиссері  - Ертай Хасенов.

Қойылым 14.45 мен 15.15  аралығында талқыланады.

Сағат 16.00 де Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры У.Шекспир «Король лир» трагедиясын сахналайды. Режиссері  - Әділет Ақанов.

Қойылым 17.00 мен 17.30  аралығында талқыланады.

Ал сағат 18.00 де Семей қаласынан келген Шығыс Қазақстан облыстық «Дариға-ай» жастар театры  Ш.Айтматов «Ізде» сюрреализм жарныдағы спектаклін ұсынады. Режиссері - Гаухар Адай.

Қойылым 19.00 мен 19.30  аралығында талқыланады.

25 қыркүйек

Фестивальдің соңғы күні сағат 11.00 де Ақтөбе қаласы Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры  У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясын сахналайды. Режиссері - Мейрам Хабибуллин.

Қойылым 12.10  мен 12.40 аралығында талқыланады.

Сағат 14.00  де Нұр-Сұлтан қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры  Ш.Айтматовтың «Ана мен Ала» драмасын ұсынады. Режиссері - Айдын Салбан.

Қойылым 14.55 пен 15.25  аралығында талқыланады.

Моноспектакльдер фестивалін сағат 16.00 де Алматыдан келген Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры Қ. Мұраттың «Қуыршақ» психологиялық монопьесасымен аяқтайды. Режиссері - Рүстем Жанаманов.

Қойылым 16.45 пен 17.15  аралығында талқыланады.

Сағат 18.00 де  фестиваль жабылып, жүлдегерлер марапатталады.

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале