Орал қаласындағы осыдан жарты ғасыр бұрын салынған «Локомотив депосы» көпірі жөндеуге жабылды. Шаһардың орталығы мен жаңа шағынаудандарын жалғаған «күре тамыр» үзілгелі қалада көлік кептелісі туындады.
Қазір тұрғындар айналма жолмен, «Омега» аумағындағы көпірмен жүріп, басқа көшелерге салмақ түсіп отырғаны да жасырын емес. Көлік жүргізушілерінің басқа амалы жоқ. Дегенмен кептелісте қолдан жасап жүргендер де баршылық. Көктем жеткесін жастардың үйлену тойы да көбеюде. Той көліктері бір-бірімен жарысып, кортеж болып түрлі қимылдар жасап, көлік жүргізушілерінің ашуын туғызуда.
Жол ережесіне қарама-қайшы қозғалыстар жасап жүрген той көліктері өздерінің жол апатына себепкер болуы мүмкін екенін түсінбеуде. Ал Наурыз мейрамына байланысты демалыс күндері көбі көліктерінде балаларын алып жүретіні белгілі. Сол себепті «есерлер» қала көшелерінде өз жөнімен бара жатқан талай отбасының өміріне қауіп туғызып отырғаны шындық. Той көліктерінің өрескел әрекеттеріне Жергілікті полиция қызметі неге бей жәй қарап отырғаны түсініксіз.
zhaikpress.kz