1.06.2022, 11:45
Оқылды: 93

Оралда тұрғын көпірден секіріп, аман қалды

Орал тұрғыны көпірден суға секіріп, аман қалды. Ол "Динамо" спорт базасы маңындағы көпірден суға секіріп кеткен, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

01

Оқиға 31 мамырда болған. Ер адам сағат 20:30 шамасында көпірден Шаған өзеніне секіріп, кейін өз бетімен жағаға жүзіп шыққан. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл әрекет себебі анықталуда.

Полицейлер ер адамды судан шығаруға көмектескен. Тұрғынның жеке басы анықталып жатыр, ол шамамен 25-30 жаста.

Басқа мәлімет анықталып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале