30.06.2023, 17:30
Оқылды: 64

Оралда тұрғындар жылу үшін артық төлеген

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Жайықтеплоэнерго» АҚ-ның нақты сыртқы температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеді.

акша1

Жылыту маусымы кезінде жылудың кем берілгені анықталды. Ал тұрғындар шот бойынша төлемдер төленіп кеткен болатын. Енді компания қаражатты тұрғындарға қайтару үшін төлем көлемін азайтуы керек.

«Жайықтеплоэнерго» АҚ Орал қаласында жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, тарату және жабдықтау қызметтерін көрсетеді.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті жүргізген қайта есептеу нәтижесінде, 2022-2023 жылдардағы жылу беру кезеңіне жылумен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі анықталды. Тұтынушыларға қайтарылатын қаражаттың жалпы сомасы ҚҚС-ын қоса есептегенде 1 976 250,41 теңгені құрады, оның ішінде:

- ЖЭО үшін 1 822 106,97 теңге немесе жылытылатын алаңның 1м2 үшін 24,7759 теңге;

- қазандық шаруашылығы үшін 154 143,44 теңге немесе жылытылатын алаңның 1 м2 үшін 23,9785 теңге.

Мұндай қайта есептеу есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін есептеледі.

Нәтижесінде 2023 жылдың қазан айындағы түбіртектегі төлемді азайту арқылы қаражат қайтарылады.

 

 

         Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале