6.03.2023, 15:15
Оқылды: 89

Оралда ұландықтар қала көшелеріндегі қарды тазалауға көмектесті

 

Оралда күн жылып, қар күрт еріп қала көшелерін су басу қауіпіне байланысты көшелер қардан тазаланып жатыр.

1cb3198d-f98b-4ec5-9663-746322719d38

Осы шараға Орал қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің  жеке құрамы көмектесуде. Ұландықтар көше бойындағы мұздарды ойып, көшелермен аулалардағы жиналып қалған қарларды шығарып, судың өз арнасымен жүруі үшін арықтарды тазалауда.

bca77250-af82-437c-a8ad-fde6c17ea13c

- Қандай жағдай болмасын біз Ұлттық ұлан әскери қызметшілері халыққа көмектесуге дайынбыз. Бүгінде 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қала көшелеріндегі қарларды, су арналарын тазалады. Қажет болған жағдайда осындай игі іске қол ұшын созуға әрдайым дайынбыз, - дейді батальон командирінің орынбасары капитан Данияр Турсынов.

a989a8a9-acd4-4617-a4e5-d0848cfe34f2

 

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік

қолбасшылығының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале