Орал шаһарында Ұлттық ұланның 5517-әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Вениамин Скаленконы туған күнімен құттықтады. Бөлім басшылығының атынан Жеңістің 98 жастағы сарбазына естелік сыйлықтар мен алғысхат табыс етілді.
Вениамин Пантелеевичке 5517-әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Жәнібек Сәрсенов зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Офицер ардагерге соғыс жылдарында көрсеткен батылдығы, жанқиярлық еңбегі және бейбіт аспан үшін алғыс айтты.
Ардагер майдандағы жолдарын, дала шайқасындағы естеліктерін есіне алды: «Мен 1942-ші жылы 9-сыныпты бітірген кезде әскерге шақырды. Бізді арбаларға отырғызып, атпен әскери комиссариатқа әкелді, одан кейін Ленинград әскери байланыс училищесіне қабылдады. 1942 жылдың тамызынан 1943 жылдың маусымына дейін оқытып, Мәскеу аймағында орналасқан Дмитров қаласындағы әуе-десанттық әскеріне жіберді. Содан кейін Карелия майданы, Свир өзенін мәжбүрлеу. Венгрияда, Будапештте, Австрияда, Венада соғыста шайқастым. Сондай-ақ, Чехословакияда, Братиславада, Брнода майданда болдым. Мен үшін соғыс 1945 жылы 12 мамырда аяқталды», - деп еске алады Вениамин Пантелеевич.
«Жеңімпаздар ұрпағын есте сақтау біздің қасиетті міндетіміз. Қартайғанына қарамастан, олардың көпшілігі сергек және денсаулығы жақсы болуға тырысады. Вениамин Пантелеевич - мұның жарқын айғағы. Ол көп нәрсені бастан өткерді, бірақ өмірге деген сүйіспеншілігін жоғалтпады. Біз ардагерлеріміздің ерліктерін әрқашан есімізде сақтаймыз. Бұл нағыз патриотизм мен батылдықтың үлгісі", – деп атап өтті 5517 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Жәнібек Сәрсенов.
Айта кетейік, ардагеріміз Скаленко Вениамин Пантелеевич 1924 жылы Батыс қазақстан облысы, Теректі ауданы, Бөрлі ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақыртылған. Ол кезде В.Скаленко 18 жаста болатын. Ардагеріміз әскер қатарына алынып өзінің әскери борышын соғыс жағдайында Сібір әуе десанттық дивизиясының 98-жеке танкке қарсы жауынгерлік артиллериялық батареясының құрамында абыроймен атқарған азамат.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі