18.03.2023, 11:03
Оқылды: 53

Оралда Ұландықтар жоғалған ұялы телефонды тауып, егесіне қайтарып берді

Кеше Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Орал қаласындағы алтыншы шағын ауданында, әскери жасақ бастығы, қатардағы Крюков Анатолий, патрульшілер, қатардағы Крылов Никита және қатардағы Бақытжан Рауанмен бірге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүріп кешкі сағат 19.00 шамасында жерден ұялы телефон тауып алады.

WhatsApp Image 2023-03-18 at 08.05.19

 

WhatsApp Image 2023-03-18 at 09.01.59

ҚР ҰҰ "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әскер жасақ бастығы қатардағы А.Крюков дереу әскери жасақ кезекшісіне Samsung A30 маркалы телефон тауып алғандары туралы баяндайды. Дәл осы сәтте телефонға қоңырау келіп түседі. Тұтқаны көтергенде телефонның иесі қоңырау шалғаны белгілі болады. Осылайша ұялы телефон егесіне қайтарылды. Өз кезегінде Орал қаласының тұрғыны ұландықтарға қырағы қызметтері үшін алғысын білдірді.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале