Шілденің алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды.
Мереке күні шаһардағы Тұңғыш Президент алаңында «Жастар Рухы» ЖҚ ұйымдастыруымен «Dombyra party» өтті. Оралдық «Тұмарым» өнер орталығының бір топ домбырашылары қазақтың танымал күйлерін бір толқында орындады.
Сонымен қатар қала тұрғындары да қапы қалмай, бірі қазақтың ұлттық аспабы домбыраға қатысты түрлі сұрақтарға жауап берсе, бірі өнерлерін көрсетіп домбырада күй ойнап берді.
Ұлы мұрамызды ұлықтайтын мереке құтты болсын!
zhaikpress.kz