Жайық өңірі тағы бір мәрте еліміздің басты спорттық додаларының біріне төрелік етті. Орал қаласында садақ атудан ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар, Түркістан, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарынан келген 260-қа жуық мерген қатысты.
Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, Қазақстан Республикасы Ұлттық садақ ату федерациясының президенті Азамат Үсімбеков және облыстық садақ ату федерациясының президенті Нұрлан Ақнұров қатысты.
Бірнеше күнге созылған тартысты бәсекеде спортшылар классикалық және компаунд садақ түрлері бойынша жеке және командалық сайыстарда бақ сынады. Чемпионаттың басты ерекшелігі – ұлттық құрамаға үміткерлерді іріктейтін негізгі жарыстардың бірі болуы. Осы додада жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына, әлем және Азия чемпионаттарына, сондай-ақ Әлем кубогінің кезеңдеріне қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының сапына енуге мүмкіндік алды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық садақ ату федерациясының атқарушы директоры Еділ Темірбековтің айтуынша, республикалық чемпионат спортшылардың кәсіби деңгейін айқындайтын маңызды жарыс.
– Бұл жарыста әр ұпайдың, әрбір дәл тиген жебенің салмағы зор. Өйткені мұнда ұлттық құрама сапына үміткерлер анықталады. Чемпионатқа қатысушылар тек мергендігін ғана емес, төзімділігі мен психологиялық дайындығын да дәлелдеуі тиіс. Осындай ауқымды жарыстың Орал қаласында өтуі өңірде садақ ату спортын дамытуға тың серпін беріп, жас спортшылардың қызығушылығын арттырады әрі республиканың түкпір-түкпірінен келген мергендердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасайды, – деді ол.

Бірнеше күнге созылған мергендер додасында алдымен командалық жарыс жеңімпаздары анықталды. Қорытындысында:
Классикалық садақ. Ерлер
І орын – Жетісу облысы
ІІ орын – Шымкент қаласы
ІІІ орын – Алматы облысы
Классикалық садақ. Әйелдер
І орын – Шымкент қаласы
ІІ орын – Ақмола облысы
ІІІ орын – Жетісу облысы
Классикалық садақ. Командалық микст
І орын – Жетісу облысы
ІІ орын – Шымкент қаласы
ІІІ орын – Ақмола облысы
Compound. Ерлер
І орын – Шымкент қаласы
ІІ орын – Ақмола облысы
ІІІ орын – Жетісу облысы
Compound. Әйелдер
І орын – Шымкент қаласы
ІІ орын – Жетісу облысы
ІІІ орын – Батыс Қазақстан облысы
Compound. Командалық микст
І орын – Ақмола облысы
ІІ орын – Жетісу облысы
ІІІ орын – Шымкент қаласы
Compound U-21. Ерлер
І орын – Батыс Қазақстан облысы
Жеке сын жеңімпаздары мен жүлдегерлері
Классикалық садақ. Ерлер
І орын – Ильфат Абдуллин (Жетісу облысы)
ІІ орын – Дәулеткелді Жаныбеков (Жетісу облысы)
ІІІ орын – Денис Ганькин (Жетісу облысы)
Классикалық садақ. Әйелдер
І орын – Александра Землянова (Жетісу облысы)
ІІ орын – Самира Жұмағұлова (Ақмола облысы)
ІІІ орын – Медина Мұрат (Жетісу облысы)
Классикалық садақ. U-21. Ерлер
І орын – Батырхан Зиннабилдин (Шымкент қаласы)
ІІ орын – Леонид Родионов (Батыс Қазақстан облысы)
ІІІ орын – Алихан Тұяқ (Ақмола облысы)
Классикалық садақ. U-21. Әйелдер
І орын – Ташолпан Қалдыхан (Шымкент қаласы)
ІІ орын – Диана Талапберген (Батыс Қазақстан облысы)
ІІІ орын – Айлин Байбачина (Астана қаласы)
Классикалық садақ. 29 жасқа дейінгі ерлер
І орын – Александр Еременко (Жетісу облысы)
ІІ орын – Санжар Ержанұлы (Жетісу облысы)
ІІІ орын – Владислав Мағжанов (Жетісу облысы)
Классикалық садақ. 29 жасқа дейінгі әйелдер
І орын – Аяла Үсен (Жетісу облысы)
ІІ орын – Назерке Әлібек (Алматы облысы)
ІІІ орын – Ясмин Ғалиахмет (Жетісу облысы)
Compound. Ерлер
І орын – Дильмұрат Муса (Алматы облысы)
ІІ орын – Ақбарали Қарабаев (Шымкент қаласы)
ІІІ орын – Бунед Мирзаметов (Түркістан облысы)
Compound. Әйелдер
І орын – Диана Юнусова (Шымкент қаласы)
ІІ орын – Адель Жексенбинова (Ақмола облысы)
ІІІ орын – Эльмира Раисова (Жетісу облысы)
Compound. U-21. Ерлер
І орын – Павел Кузнецов (Батыс Қазақстан облысы)
ІІ орын – Ислам Серкұлы (Алматы облысы)
ІІІ орын – Қуан Рысқұлбек (Ақмола облысы)
Compound. U-21. Әйелдер
І орын – Жанайым Тұрсынбек (Шымкент қаласы)
ІІ орын – Алана Нұрланова (Батыс Қазақстан облысы)
ІІІ орын – Жәлел Шадиярова (Батыс Қазақстан облысы)
Compound. 29 жасқа дейінгі ерлер
І орын – Сұлтан Жақанбет (Ақмола облысы)
ІІ орын – Әлдемир Әсет (Астана қаласы)
ІІІ орын – Никита Ивлев (Жетісу облысы)
Compound. 29 жасқа дейінгі әйелдер
І орын – Юлия Захарова (Жетісу облысы)
ІІ орын – Алина Саенко (Жетісу облысы)
ІІІ орын – Аңсаған Жоламанова (Жетісу облысы)
Жалпыкомандалық есеп бойынша:
Орал төрінде өткен ел чемпионаты ұлттық құрамаға үміткерлерді анықтап қана қоймай, садақ ату спортын дамытуға жаңа серпін берді. Жарыс барысында үздік шыққан спортшылар алдағы халықаралық додаларда Қазақстан намысын қорғауға мүмкіндік алды.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz