10.01.2023, 23:16
Оқылды: 104

Оралда Ұлттық ұлан күні аталып өтті

10 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскерлерінің құрылғанына 31 жыл толу мерейтойы Орал қаласында орналасқан «Батыс» өңірлік қолбасшылығында аталып өтті. Мерекелік шара қала орталығындағы «Жастар» мәдениет үйінде өткізілді.
Салтанатты шарада әскери бөлімнің Жауынгерлік туы әкелініп, мемлекеттік Әнұран орындалды. Айтулы шараға, жеке құрам, мүдделі ұйымдар өкілдері, ардагерлер қатысты.

IMG-20230110-WA0111

Мерекелік кешті Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы, полковник Нариман Акбаров ашып баяндама жасады. Ол еліміздің тәуелсіздік алғалы өткен тарихи өзгерістеріне тоқтала келіп, оның ішінде Ұлттық ұланда болған оң өзгерістерді және оған Ұлттық ұланның жауынгерлерінің қосқан үлесін мақтанышпен атап өтті.

IMG-20230110-WA0110

«Биыл Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскерлері өзінің құрылғанына отыз бір жыл толу мерейтойын атап отыр. Отыз бір жыл дегеніміз, ол тарихи кезеңде қысқа мерзім, бірақ бұл екі уақыт аралығында біз бірталай жемісті нәтижелерге қол жеткіздік. Өзінің ширек ғасырындағы тарихта еліміз заманауи бәсекеге қабілетті, әскери сала өмірінде әртүрлі реформаларды табысты жүзеге асыратын мемлекетке айналды. Ұлттық ұлан жауынгерлерінің басты борышы да Отанға қалтқысыз қызмет ету", - деп атап өтті «Батыс» өңірлік қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы, полковник Нариман Акбаров.

IMG-20230110-WA0112

Одан кейін мінбеге көтеріліп сөз сөйлеген, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы подполковник Бақытжан Бердиев жиналғандарды 31 жылдық кәсіби төл мерекемен шын жүректен құттықтады.

- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері күрделі және қауіпті қызмет атқарып келеді. Сіздер ел азаматтарының бейбіт өміріне қол сұғудың жолын кесіп, қылмыстық қауіпке қарсы әрекет етіп келесіздер. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын құқықтық тәртіп әскері деп бекер айтпаған. Сіздің азаматтардың құқығын қорғап, көмекке келуге деген әзірлігіңіз – нағыз патриотизмнің белгісі болып табылады деді - өз сөзінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы подполковник Бақытжан Бердиев.

Шара барысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының міндетін уақытша атқарушы, полковник Нариман Акбаров, әскери қызметкерлерге, Ұлттық ұлан ардагерлеріне, төсбелгілер мен грамоталарды және бағалы сыйлықтарды салтанатты түрде табыстады.

IMG-20230110-WA0113

Тамаша кештің соңы «Жастар» мәдениет үйі өнерпаздарының қойған концерттік бағдарламасына жалғасты.

ҚР Ұлттық ұланының құрылған күніне орай салтанатты шаралар «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде өткізілді.

Ертуған Әубакир,
Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале