15.03.2026, 7:38
Оқылды: 18

Оралда Ұлттық ұлан сарбаздары алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Орал қаласындағы Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің аумағында орналасқан №479 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 06:00-де өз жұмысын бастады. Бұл учаскенің ерте ашылуының өзіндік себебі бар. Өйткені Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің негізгі міндеттерінің бірі – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

58c93ed8-4498-4fbb-882d-d342a7961c57

Осыған байланысты әскери қызметшілер азаматтық борыштарын ертерек орындап, референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Сарбаздар дауыс беру арқылы елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқанға өз үлестерін қосып, белсенділік танытты.

a5d8ac8b-4822-4c8f-bf4c-293becb49fa0

Дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер жауынгерлік қызметке кірісіп, қала көшелері мен дауыс беру учаскелері орналасқан аймақтарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысады.

93358c11-1248-4719-a774-7c4369a64f9d

Айта кетейік, референдум күні қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық ұлан жауынгерлері күшейтілген режимде қызмет атқарады.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале