8.10.2021, 18:28
Оқылды: 75

Оралда Ұлттық ұлан тәрбиеші-офицерлері кәсіби шеберліктерін арттыруда

 Таяуда Орал шаһарында 5517 әскери бөлімінің базасында тәрбие жұмысын жетілдірудің, оған жаңашыл идеяларды енгізудің және бөлімшелер ішіндегі микроклиматты жақсартудың негізгі бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Батыс" өңірлік қолбасшылығының  әскери бөлімдерінің тәрбие және әлеуметтік–құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімше (топ) бастықтарымен және желілік батальондар командирлерінің орынбасарларымен үшкүндік практикалық дайындық жиыны өтті.

F0E146FF-711B-4DCA-B6DB-1B2AE1E0DE97

Оған Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Орал гарнизондарынан келген 15-ке жуық офицер-тәрбиешілер қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаттары - әскери бөлімдерде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі талаптарын жеткізу, тәрбие құрылымдары офицерлерінің кәсіби білімдерін жетілдіру, сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуде мемлекеттік-құқықтық даярлық топтарының басшылары мен олардың көмекшілерінің әдістемелік және практикалық даярлығын жетілдіру болып табылады.

D6D8C517-21E3-4D22-BF61-D9DFD15B5904

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бақыт Алазов Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі ережелерін және тәрбие құрылымдарының міндеттерін түсіндіру бойынша сөз сөйледі.

Одан әрі сабақтар әскери ұжымдарды біріктіру бойынша әлеуметтік-психологиялық тренинг бойынша жалғасты. Содан кейін Елбасы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекетінің негізін қалаушы" тақырыбында сабақ өткізді. Одан кейін кешке бөлім клубында 5517 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің жауынгерлік оқу және қызмет озаттарын  ұлықтау кеші өтті.

E7B69954-B303-47AA-A46E-0E125319F79F

Сондай-ақ жиынға қатысушылар үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және ардагерлер ұйымдарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Дәрістер, тренингтер және практикалық тапсырмалар түрінде өтті. Сабақ барысында оқу-тәрбие процесін одан әрі жетілдірудің, тәрбие жұмысының функционалдық мүмкіндіктерін және аспектілерін пәндік жүйелеуді арттырудың өзекті мәселелері көтерілді, әскери ортада сыбайлас жемқорлық көріністерін жою мәселелері де қозғалды.

Білікті, кәсіби офицер-тәрбиешілердің болуы армияда сапалы тәрбие жұмысын құруда, әскери ұжымдарда жайлы моральдық-психологиялық жағдай жасауда маңызды. Олар жеке құраммен жұмыс істейді, әскери қызметшілердің қалай өмір сүретінін, қандай қиындықтарды бастан өткеретінін, ұжымда және үйде қандай жағдай бар екенін біледі. "Батыс" ӨңҚ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс басқармасының бастығы полковник Ерден Балғымбаев, "Батыс" ӨңҚ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс басқармасының аға офицерлері майоры Мейірбек Усейнов, Берік Рашев, Қайрат Оңгербаев және 5517 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Жәнібек Сәрсенов және т.б. тәжірибелі офицерлер тәрбиеші-офицерлермен өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

-"Батыс" ӨңҚ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс басқармасының бастығы полковник Ерден Балғымбаев тәрбиеші-офицерлерге арнаған өз сөзінде әскери қызметшінің жоғары жауынгерлік рухының маңыздылығы туралы айтты, онсыз жоспарлау да, командирлік және жауынгерлік даярлық та мағынасы жоқ. "Жауынгерлік рух парызға деген адалдықтан, патриотизмнен және тәртіптен туылуы тиіс, бұл өз кезегінде өзіне, өз мүмкіндіктеріне және әріптестеріне деген сенімділікті нығайтады", — деп атап өтті Ерден Еркенұлы.

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлықтарын, Қаулыларын, әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметінің негізгі басымдықтарын, функционалдық міндеттерін, жалпы әскери жарғыларын айқындайтын басшылық құжаттар мен директиваларды білуі бойынша сынақтар  тапсырды

Практикалық даярлық аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы "Батыс" ӨңҚ қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бақыт Алазов қорытынды шығарып, "Батыс" ӨңҚ қолбасшысының атынан үздік офицерлерді грамоталармен марапаттады және тәрбиеші офицерлерге кәсіби мансаптық өсу мен өз бөлімшелеріндегі қызметтік-жауынгерлік қызметінде жоғары нәтижелер көрсететініне  сенім білдірді.

 

Подполковник Ерболат Сұлтанов,

Орал қаласы

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале