27.03.2022, 12:40
Оқылды: 79

Оралда Ұлттық ұланның жауынгерлері қызметтік иттің көмегімен тапаншамен жүрген ер адамды ұстады

Оралда Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығы 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қала көшелерінің бірінде тапаншамен жүрген ер адамды ұстады.

WhatsApp Image 2022-03-27 at 16.40.38 

Оқиға 2022 жылғы 26 наурызда кешкі сағат 17.50 шамасында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қадағалау бойынша патрульдеу бағытында болған. Сол күні әскери жасақ бастығы сержант Еламан Аманғұлов пен жасақ сақшысы қатардағы жауынгер Айбат Жеңіс Гагарин көшесінің бойында күдікті азаматты байқаған.

Ер адам бірден тәртіп сақшыларын көрген сәтте бірден артындағы рюкзакты қарқұрсауына лақтырып жіберді, содан кейін қашып, жасырынуға тырысты. Алайда ұлттық ұлан жауынгерлерінің жедел қимыл-әрекетінің арқасында күдікті азамат қолға түсті.

Осы сәтте әскери жасақтар бойынша кезекші лейтенант Нұрсұлтан Жүсіпов  пен кинолог сержант Рүстем Успанов  оқиға  орынға  тез-арада жетіп,  әлгі рюкзакты лақтырған жерді "Арго" атты қызметтік иттің көмегімен тінту туралы шешім қабылданды.

Қызметтік ит өзінің белсенді іздеуінің арқасында  қара рюкзакты шұғыл түрде тез тапты. Сыртқы тексеру кезінде куәгерлердің қатысуымен рюкзактың ішінен түсіру кеудешесін, сигналдық тапаншаны және алты резеңке патрондары бар магазинді тәркіледі.

В Уральске гвардейцы задержали пистолетом (1)

Одан кейін 47 жастағы жергілікті тұрғын одан әрі тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жауынгерлік қызмет атқару кезінде қырағылық, шебер іс-әрекеттер көрсеткені үшін әскери жасақ жауынгерлері бөлім командирінің тарапынан марапатталды.

 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале