26.10.2021, 21:55
Оқылды: 2

Оралда «Uralsk Green Forum» (UGF) Халықаралық экологиялық форумы өтті

Бүгін Орал қаласында «Uralsk Green Forum» (UGF) Халықаралық экологиялық форумы өтті.

75C04656-2B1E-471C-AF13-5D389DF38AFF

Осымен төртінші жыл ұйымдастырылған аталмыш форумда облыстағы қалдықтарды басқару саласындағы маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ өңірдегі қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі нмен «жасыл» бизнесті дамытудың жай-жапсары айтылды. «Ecojer» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығының бас директоры, модератор Рүстем Қабжановтың сөзінше, бұл форумда көптеген адамды, қоғам белсенділерін қызықтыратын мәселелер көтеріледі. «Заң актілерін, нормативтік құжаттар дайындауға тікелей қатысатын мемлекеттік құрылымдар да мұндай форумдарда талқыланатын проблемаларды үнемі бақылап отырады. Сондықтан мұндай ауқымды іс-шараны өте өзекті деп ойлаймын. КПО компаниясы ұйымдастыратын бұл форумға облыс әкімдігі үнемі қолдау көрсетіп келеді», - деп атап өтті модератор.

- Бүгінге дейін ата-бабамыздан қалған жерді қорғау жөнінде айтқанда ел іргесінің берік, шекарасының мығым болуын айтып келдік. Соңғы кездері қазіргі заманның жаңа сын-қатері шығып отыр. Бұл – экология мәселесі. Ендігі жерде топырағымыз құнарлы, суымыз мөлдір, ауамыз таза болуына баса мән беруіміз керек. Бүгінгі форумның басты мақсаты - осы мәселеге тағы да бір назар аудару және нақты істермен қолдау білдіру. Біз еліміздегі өзге өңірлер арасында өте таза аймақ болып қалғымыз келсе, табиғатымызды барынша қорғауымыз керек, - деген облыс әкімі Ғали Есқалиев форумды ұйымдастырған КПО компаниясының басшылығына алғысын білдірді.

Сондай-ақ кәсіпкерлерді қалдықтарды басқаруға шақырып, экологияны таза ұстауға бағытталған жобаларға облыс әкімдігі қашан да қолдау білдіретін айтты.

5D64B32B-1E23-4A9E-9899-C1B665519F31

Ал КПО б.в. бас директоры Джанкарло Рую экологиялық форумды ұйымдастыру игі дәстүрге айналып кеткенін атап өтті. Сарапшылар мен ғалымдардың басын қосып, бизнес пен қоғам белсенділерін біріктіріп, экологиялық өзекті мәселелер талқыланатын форум төртінші жыл қатарынан өтіп отыр.

«Экологиялық жауапкершілік – КПО-ның корпоративтік саясатының ажырамас бөлігі. Біз өз қызметімізді тұрақты дамуды қамтамасыз ететін тиімді, сенімді және қауіпсіз өндіріс, әлеуметтік және экологиялық проблемаларға жауапкершілікпен қарау негізінде жүзеге асырамыз. UGF экологиялық форумы қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық заңнаманың жаңа принциптерін, өңірдегі «жасыл» инвестицияларды дамыту мәселелерін талқылайтын мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы ашық диалог алаңын ұсынады», - деді Д. Рую.

E598AA58-3128-4D0A-BA6A-3603CD43603D

Келесі кезекте сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Елдос Абақанов  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында ел экологиясы мен қалдықтарды кәдеге жарату мәселесіне ерекше назар аударатынын атап өтті.

Форум делегаттары аталған форумның тиімділігі жоғары екенін айтты. Eicon компаниясының тұрақты даму бойынша сарапшысы Сергей Цой экологиялық міндеттерді шешу өңірдің тұрақты әлеуметтік және экономикалық дамуының негізі екенін алға тартты.

4242FCA7-461B-4E27-A10D-83D95B969F34

- Қазір елімізде «жасыл» жобалардың классификациясы дайындалуда. Осылайша қандай жобалардың «жасыл» жобаға жататыны анықталады. Сонымен бірге экологиялық кодекстің шеңберінде «жасыл» кередит және «жасыл» облигация ұғымдары енгізілді. Заңнама шеңберінде биылдан бастап осы «жасыл» облигациялар шығарған ұйымдар субсидия алатын болады. Биылғы облигацияның нарықтағы негізгі құны 80 млн долларға дейін жетті. Яғни бір жылдың ішінде облигацияның өсімі 160 рет өсті деп есептеуге болады. Сондықтан бұл механизмнің маңызы зор. Алдағы уақытта Қазақстанда көптеген «жасыл» облигациялар болады деген сенім бар, - дейді Астана халықаралық қаржы орталығы жасыл қаржы орталығының бизнест дамыту бойынша басқарушы директоры Манас Гиждуаниев.

Форум аясында облыс бойынша қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын жергілікті компаниялардың арнайы көрмесі өтті. Мәселен, «Dream House Construction Group» компаниясы былтырдан бері арболитті блок өндірісімен айналысады. Кәсіпорын басшысы Мирас Рамазановтың сөзінше, арболит блок 90 пайыз ағаш үгінділерінен тұрады. Айына 180-200 текше метр дайын өнім шығарады.

«Uralsk Green Forum» (UGF) Халықаралық экологиялық форумы жөнінде толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар

2CEFF3F4-8EC2-47EE-8387-C4DB6C643133

4799D30D-AC39-4FB7-A492-236B1DAFC801
805E4722-3B75-489F-86EB-F38BB1B1BC87
4FDF1DE3-2BA9-4255-8703-12C72C2B896F

5A271477-93C5-4C17-9458-C02D1D1C1D0E
5BC7E9EF-B619-4A25-8536-07048AE32C02

Айна Имашева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале