6 наурыз Оралда үшем дүниеге келді. Олар облыстық перинаталдық орталықта дүние есігін ашқан. Үшеуі де – қыз.
Сурет: iStock
- Біздің үш ұлымыз бар. Енді міне қызғалдақтар қосылды. Бірінші баланың салмағы – 2 300 гр, екінші бала – 2 100 гр, үшінші – 2 050 гр.
Қыздардың жағдайы жақсы. Әзірге екі-үш күн дәрігерлердің бақылауында болады. Үшем босанатынымды алтыншы аптада білдім. Біздер жасырдық, ешкімге айтпадық. 12-інші аптада жыныстары қыз екені белгілі болды, - деді бізге берген жауабында қыздардың анасы Айзада Құбашева.
Көпбалалы отбасы атанған жастар Орал қаласында тұрады. Үлкен ұлының жасы 12-де, ортаншысы – 9-да болса, кіші ұл – 6 жаста.
Айзаданы дәрігерлер жоспарлы кесір тілігі арқылы 35-інші аптада босандырып алған.
@zhaikpress