28.06.2024, 19:00
Оқылды: 107

Оралда халықаралық конференция өтті

Бүгін «Атамекен» өнер ордасында «Түркі әлемі: рухани-мәдени ынтымақтастықтың жаңа кезеңі» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

71BFBEB1-912C-473B-87F6-76C8D7CBFABB

Оған БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, профессор, филология ғылымдарының докторы, халықаралық «Қазақ тілі» академиясы мен Халықаралық түркітану орталығының президенті Ерден Қажыбек және Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен, Башқұртстан, Татарстан Республикаларынан, Тобольск, Астана, Алматы, Атырау қалаларынан түркітанушы ғалымдар және облысымыздың белгілі ғалымдары, БАҚ өкілдері қатысты.

– Тарих – Тәуелсіздігімізді нығайтатын, ұлтты  ұйыстыратын негізгі фактор. ​Бүгінгі тарихи сана қалыптастыруға бағытталған, ғылыммен ұштасқан біраз бастамамыз ІІІ Ұлттық Құрылтайда аталған тапсырмалар аясында өткізіліп жатыр. Өңірді саяхатшылар ағылатын мекенге айналдыру үшін бірқатар іс-шаралар қолға алынуда. Облыс бойынша сегіз мәдениет нысанының құрылысы, алты нысанға күрделі жөндеу және реставрация жүргізіліп жатыр. Биыл бес ауданда 200 мың сақтау бірлігіне арналған архив ғимаратын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры арқылы ауылдық кітапханаларды қайта жаңғыртуды жоспарлап отырмыз, - деді Бақытжан Хаберұлы.

Марзия Зеин

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале