5.09.2025, 16:15
Оқылды: 105

Оралда ыстық су тоқтайды

Орал қаласында 8-14 қыркүйек аралығында жылу-электр орталығында жоспарлы жөндеу және профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

68bab6d7dae09511015739.jpeg

Фото: astanatv.kz

“Жайықжылуқуат” АҚ бас директорының міндетін атқарушы Бекболат Қамешовтің мәлім еткеніндей, осы мерзімде ыстық су мен жылу-электр орталығынан берілетін электр қуаты уақытша тоқтатылады. Бірақ, электр қуатының тоқтатылуы қалаға жарық беруге әсер етпейді.

Сол секілді Орал қаласына қарасты Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы ауданындағы № 1 қазандық 8 қыркүйек күнгі сағат 09.00-ден бастап 13 қыркүйектегі сағат 18.00-ге дейін жөндеуден өткізіледі. Осыған байланысты М.Мөңкеұлы көшесіндегі 101, 108, 108/1, 108/2, 108/4, 108/5, 108/6, 110/1, 120, 79, 81, 81/1 көпқабатты үйлерде, № 47 мектеп, № 6 емхана және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ыстық су болмайды.

– Мұның бәрі алдағы жылыту маусымы кезінде қаланы ыстық су және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатыр, - деді Б.Қамешов.

astanatv.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале