20.01.2024, 22:37
Оқылды: 90

Оралда заңсыз темекі өнімін саудалаған тұрғын ұсталды

Батыс Қазақстанда полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында акцизсіз темекі өнімінің заңсыз саудасының жолы кесілді, деп хабарлайды БҚО ПД Баспасөз қызметі.

Screenshot_20240120_233828_Telegram

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен облыс орталығының аумағында акцизсіз темекі өнімінің заңсыз саудасы туралы жедел ақпараты бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.

Орал қаласының орталық базарында қала тұрғыны жалға алған контейнерлердің бірінде 174 блок акцизсіз темекі, сондай-ақ, оған тиесілі гаражынан 650 блок акцизсіз темекі өнімі табылды.

Screenshot_20240120_233850_Telegram

Сонымен қатар, танысына тиесілі көршілес гараждан 250 блок акцизсіз темекі тәркіленді. Сондай-ақ, автокөлікті тінту кезінде 68 пачка акцизсіз темекі өнімі тәркіленді.

Барлығы 1074 блок пен 68 пачка акцизсіз темекі заты тәркіленді.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале