9.09.2020, 18:43
Оқылды: 33

Оралда «Жайықтың би әлемі» фестивалі өтеді

«Қала күні-2020» мерекесіне орай Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Aqjaiyq» телеарнасымен бірлесе ІІ республикалық «Жайықтың би әлемі» атты онлайн би фестивалі өтеді.

би

Фестивальге қаламыздың үздік би ұжымдарымен қоса, ірі-ірі халықаралық байқауларда үздік танылып жүрген Нұр-Сұлтан, Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Ақтау, Атырау қалаларының би ансамбльдері мен ұжымдары қатысады.

Фестивальдің мақсаты: жас ұрпақты би өнері арқылы эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу, әр өңірдің би ансамбльдерін таныстыру, ансамбльдер мен жетекшілер арасындағы тәжірибе алмасу, кәсіби ансамбльдердің мәдени  шығармашылық байланыстарын дамыту.

- ІІ республикалық «Жайықтың би әлемі» атты онлайн би фестивалі 2020 жылдың 21-27 қыркүйек аралығында тойланатын Қала күні мерекесі аясында «Ақжайық» телеарнасынан көрсетіледі.

Би – қимыл, би – қозғалыс, би – өнер... Би – ішкі сезіміңді сыртқа шығаратын мүмкіндік. Олай болса, би мен биші үйлесім тапқан фестивальден кеш қалмаңыздар! - дейді Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жастар мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Айару Бақытова.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале