26.09.2024, 9:45
Оқылды: 103

Оралда жамбы атудан ел чемпионаты өтеді

Қыркүйектің 26-29-ы күндері Орал қаласындағы «Nur-Er» этно-туристік орталығында (Жәңгір хан көшесі, 69Б) жамбы атудан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

67C12350-57C2-4FDA-8294-2E932CD23AC9

Сурет: Ұлттық спорт қауымдастығы

Спорттық іс-шараға еліміздің әр аймағынан келген 10 команда, 200-ден астам адам қатысады.

Жарыс ұлттық спорт түрлерін насихаттау, облыс тұрғындарының ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттыру, спортшылардың кәсіби іскерлігін жетілдіру, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері жақсы дамыған ауданды анықтау мақсатында өткізіледі.

Дода қыркүйектің 26-сы күні сағат 10:00-де басталады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале