17.06.2024, 16:15
Оқылды: 65

Оралда жаңа автобустар ел игілігіне берілді

Бүгін қала ішінде қатынайтын қоғамдық көлік қатары сегіз жаңа автобуспен толықты. Оның бесеуі — «Yutong» маркалы үлкен класты автобустар, қалғаны «Вектор Next» маркалы автобустар. Жаңа автобустарды тасымалдаушы компания — «Орал авто транс» ЖШС сатып алған. Олар №5 және 43 маршруттарға қосылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

0D1D950C-939E-4AB7-8326-11F7E0820EA6

Фото: скриншот

Жыл сайын қаламыздағы автобус парктері жаңаруда. Бұл жұмыстар жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізудің және әлеуметтік маңызы бар маршруттарда тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялаудың арқасында мүмкін болып отыр.

Жаңа қоғамдық көліктерді табыстау рәсіміне Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев қатысып, жаңа автобус кілттерін жүргізушілерге табыс етті.

AE3CBCF5-FA6E-47CF-BA9E-73DC6ABDA1B8

Желіге қосылған «Yutong» маркалы жаңа автобустар мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсетуге бейімделген, кондиционермен, күшейтілген жылыту жүйесімен және бейнекамерамен жабдықталған.

Айта кетейік, Оралда 2021 жылдан бері қалалық тасымалдаушы кәсіпорындар 100-ден астам жаңа автобуспен толықты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале