12.09.2024, 10:00
Оқылды: 117

Оралда жаңа кітап дүкені ашылды

Орал қаласында «Kitap Al» дүкені ашылды. Салтанатты іс-шараға «Kitap Al» дүкендер желісінің директоры Абдулазиз Махмудов, жазушы, аудармашы Шразаддин Қаниязов, ақын, «Kitapal Club» жоба негізін қалаушыларының бірі Данияр Жігітбек және жас жазушы, маркетолог Мирас Кесебаев қатысты.

4D1CC77E-CE55-4D88-8E13-BB8F2223846F

2018 жылы алғаш «Ki­tap Al» дүкені Алматы қаласында ашылды. Кейін се­ріктестер­дің ықпалымен елі­міздің бірнеше қаласында кітап дүкенінің филиалдары құрылып, бүгінгі күнге дейін қызмет атқарып келеді. Алматы қаласында орналасқан кітап дүкенінің негізгі филиалына Шразаддин Қаниязов жетекшілік етеді. 2023 жылы кітап дүкенінің HR менеджері Данияр Жігітбектің бастамасы бойынша «Ауылға кітап» жобасы іске қосылды. Ай сайын Қазақстандағы әр облыстың екі ауылына 50 кітап жеткізіп тұрады.

– «Kitap Al» дүкені еліміз бойынша 7 қалада бар. Оқырман сұранысы бойынша Орал қаласында ашылып, биылғы жылдың 1 наурызынан бастап жұмыс істеп жатыр. Қазір кітап дүкенінде әртүрлі жанрды қамтитын 1 мыңнан аса кітап бар. Бұған дейін Орал қаласындағы орталық мешіт жанынан «Aisar» дүкені ашылып, оқырман қауымның үлкен сұранысына ие болған. Арзан баға мен сапалы басылым, көрнекі дизайн – дүкен ерекшелігі. Оқырмандар арасында рухани-танымдық сайыстар жиі өтіп тұрады, - деді дүкен иесі Бейімбет Дүйсенәлі.

Іс-шара барысында «Aisar» кітап дүкенінің сатушы маманы Динара Дүйсеналиева­ға «Умраға жолдама» сертификаты сый етілді. Ашылу салтанатына қатысқан оқырмандарға да сұрақ-жауап ұйымдастырылып, жеңімпаз оқырмандарға сыйлықтар табыстады.

Нұрым Ғұмар

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале