22.11.2019, 12:54
Оқылды: 44

Оралда жаңа мәдениет сарайы салынуда

Облыстық мəслихаттың кезекті ХХХІ сессиясында баяндама жасаған БҚО əкімі Ғали Есқалиев мəдениет жəне спорт саласында жүргізіліп жатқан құрылыстар жөнінде баяндады.

akimat sessiasy (6)

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ауқымында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Орал қаласында 900 орындық концерт залы бар Мәдениет Сарайының құрылысы бастадық. Осындай нысанның құрылысы өңір тұрғындары тарапынан қызу қолдау тапты.

Әлемдік деңгейдегі спортшыларды дайындау мақсатында өңірде 250 орындық спорт-мектебі және 100 орындық интернат кешенінің құрылысы аяқтала келді. Интернатта олимпиададағы спорт түрлеріне баса назар аударылады. Ең бастысы – ауылдан шыққан дарынды спортшыларымыз еш алаңсыз заман талабына сай интернатта жаттығады, - деді облыс əкімі.

Ғали Есқалиевтің айтуынша, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу тапсырмасы бойынша облыста 2 кешеннің құрылысы Жәнібек және Жаңақала аудандарында басталды.

akimat sessiasy (3)

Келер жылдың басында облысымыздың 6 ауданында 7 бірдей дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталады. Бұл жұмыстарға 4 млрд. теңге қаражат бөлінген.

Нұртай Текебаев

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале